5.08.2021, 10:43
Оқылды: 120

"Ақ Ерке" әжелер ансамблі мерекелік шара өткізді

Теректі ауданына қарасты Аңқаты ауылдық окургінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және "Ақ Ерке" әжелер ансамблінің 3 жылдық мерейтойына орай мерекелік шара өтті.

image

"Әжелер салған әндер-ай" атты есеп беру концертінің негізгі мақсаты ауылдың мәдениет саласының дамуына үлес қосып, ұрпаққа халық әндерін насихаттау.

Әжелер ансамблінің әр мүшесі  әр уақытта өскелең ұрпаққа тәрбие беріп, ауылдың тірлігіне араласып, атсалысып, мәдени шараларға жауапкершілікпен және үнемі ұйымшылдықпен қатысып келеді. Әжелеріміз ескі және ұмтылып бара жатқан қара өлеңдерімен халық әндерін халыққа жеткізуді мақтан тұтады. Сонымен қатар шарада  "Белеске", "Егемен Қазақстан", "Жеңіс күні", "Аяулы ана", "Дударай", "Бүлдірген" және ансамбль мүшесі Жанагүл Ермұханова "Балалық шақ" әнін орындады.

Әжелер салған ән халықтың ыстық ықыласына бөленді.

 

 

Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале