18.03.2022, 16:31
Оқылды: 53

Ақ халатты абзал жандар Ұлыстың ұлы күнін ұлықтады

Кеше Казталов аудандық ауруханасының ұжымы Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз мерекесін ұлықтап, мерекелік дастархан жайып, арнайы шара ұйымдастырды. Ақ халатты абзал жандар шара барысында ұлтымыздың кеңінен таралған салт-дәстүрлерін насихаттап, келешек ұрпаққа дәріптеді.

12

Аурухана қабырғасында қазақтың «Сырға салу» және «Тұсаукесер» рәсімдері сахналанып, ұлттық құндылықтарымыз қайта жаңғырды.

10

9

Сонымен қатар, мерекелік шара аясында ауданымыздың медицина саласының дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген аурухана қызметкерлері арнайы алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

8

Казталов аудандық ауруханасының директоры м.у.а. Зинұр Сәткеш аурухана ұжымын Наурыз мерекесімен құттықтап, ұлттық салт-дәстүрлердің маңыздылығы зор екендігін атап өтті.

7

-Қазақ халқының жыл басы болып саналатын Наурыз мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн мен түннің теңелетін уақыты. Қазақ халқының жаңа жылы саналатын ұлттық мейрамды әр өңір әрқалай атап өтеді. Дегенмен, ұлттық мейрамда ұлттық салт-дәстүрлеріміздің қайта жаңарып, сахналануы құптарлық дүние. Себебі, қай салада қызмет етсек те ұлттық болмыстан ажырап қалмауымыз керек. Біз амант болып қалған рухани құндылықтарымызды, салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды келешек ұрпаққа дәріптей білуіміз керек. Тек сахналап қана қоймай, күнделікті тұрмыста насихаттау біздің келешек ұрпақ алдындағы борышымыз, ата-баба алдындағы міндетіміз,- деді аурухана басшысы.

Мерекелік шара барысында аурухана қызметкерлері ән айтып, «Саз» мектебінің шәкірттері ұлттық аспаптарымыз домбырада, қобызда ойнап, күйші Санжар Әліпов қазақтың қара домбырасымен күмбірлете күй шертті.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале