17.06.2022, 18:00
Оқылды: 54

Ақ халаттыларға құрмет

Бүгін Жаңақала ауданында Медицина қызметкерлері күніне арналған «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» атты мерекелік концерт өтті.

BD6B02A3-87C8-40F3-BBB4-F777940D4CBD

Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде Медицина қызметкерлері күні аталып өтіледі.  Дәрігерлер қауымына арналған шарада аудан әкімінің орынбасары Асқар Мұхамеджанов құттықтау сөз сөйлеп, ақ халатты абзал жандарды марапаттады. Мерекелік шарада Қ.Айдарбеков «Бір ел болса», М.Азамат, А.Қанатова «Шалқыма» әндерін тарту етсе, Үлгілі «Гүлдәурен» би ансамблі «Қазақ биі», «түрік» билерін мың бұрала биледі. Аудандық аурухана директорының орынбасары Дәурен Асылбекұлы мен «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы директоры Қобылан Рахметтоллаұлы құттықтау сөз сөйлеп, бір топ әріптестерін марапаттады.

AF214FC1-3DEE-4DA8-9F33-BDFA80903C84

 Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» Жаңақала аудандық бөлімшесінің басшысы Ира Сакенқызы барша медицина қызметкерлерін құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Салтанатты шара Ж.Мұсағалиевтің  орындауында «Мың алғыс дәрігерге» әнімен тәмамдалды.

Арайлым Айденова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале