5.07.2026, 8:00
Оқылды: 6

Ақбұлақ ауылдық округі әкімдігіне үш үміткер бақ сынауда

Бөрлі ауданына қарасты Ақбұлақ ауылдық округінің мәдениет үйінде орналасқан №102 сайлау учаскесінде ауыл әкімін сайлау науқаны өтіп жатыр.

image-05-07-26-08-39-1

Таңғы сағат 07:00-де Мемлекеттік Әнұранмен басталған саяси шарада тұрғындардың дауыс беру белсенділігі жоғары. Учаскеде барлығы 368 сайлаушы тіркелген, оның ішінде бір жас тұрғын алғаш рет дауыс берсе, 4 азаматтың туған күні сайлаумен тұспа-тұс келді. Сондай-ақ денсаулығына байланысты 12 тұрғын үйден дауыс береді.

Учаскеге ең алғашқы болып келген ауыл тұрғыны Ержан Ыбраевқа комиссия төрағасы Зайдагүл Уразбекова арнайы естелік сыйлық табыстады.

Айта кетейік, Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің лауазымына Тұрсын Джармуханова, Диас Кабулов және Ганжа Турганалиев үміткер болып тіркелген.

Сайлау барысын «Дауыс» коалициясы мен «Жария», «Ақсай-Қамқор» қоғамдық бірлестіктерінің бақылаушылары қадағалап отыр. «Ақсай-Қамқор» ҚБ бақылаушысы Бекболат Ермұханбетовтің айтуынша, дауыс беру процесі заң аясында, ешқандай тәртіп бұзушылықсыз өтуде.

Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале