8.04.2022, 10:00
Оқылды: 125

Ақбұлақ ауылында бөгетті қалпына келтіру жұмыстары басталды

2022 жылдың 31 наурызы күні қардың қарқынды еруі нәтижесінде су тасқыны біршама елді мекендерге қауіп төндіріп, Шыңғырлау ауданы көлемінде төтенше жағдай жарияланған болатын. Автокөлік жолдары мен көпірлер шайылып, бөгеттер бұзылып, сонымен қатар тұрғындардың қора-жайлары да құлау фактілері тіркелді. Дегенмен «Тірі адам тіршілігін жасайды» демекші, апат қауіпі сейілген соң әр жерде бұзылған дүниелерді қалпына келтіру секілді жұмыстар жүріп жатыр.

IMG-20220407-WA0010

Атап айтқанда, Шыңғырлау ауданына қарасты Ақбұлақ ауылында жиналған қар суын уақытша болса да ұстап қалу мақсатында ауыл маңындағы бөгетті бөгеу жұмыстары атқарылуда. Осы орайда аталған іске Ақбұлақ ауылдық округінің "ErQanatGrouр" ЖШС, "Асқар" ШҚ, "Акиев" ШҚ, "Диас" ШҚ, "Альтаир" ШҚ, "Айтмұхамбет" шаруа қожалық өкілдері және ауыл тұрғындары бір ауыздан жұмылып, техникаларын шығарып, бөгетті бөгеу жұмыстарына атсалысуы көпке үлгі, құптарлық іс.

IMG-20220407-WA0011

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале