11.10.2022, 16:03
Оқылды: 54

Ақбұлақ ауылының әкімі сайланды

Сайлауға «AMANAT» партиясынан 1 үміткер, өзін-өзі ұсынумен 2 үміткер қатысты. Дауыс беру нәтижесінде Өмірғалиев Ерлан Болатұлы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды. 

IMG-20221011-WA0036

Сайлау күні барлық тізімге енгізілген 423 сайлаушының 311 (73,5 %-ы) сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Кандидаттар Өмірғалиев Ерлан Болатұлына - 248 (86,4 %), Қамидоллаұлы Нұрдәулетке - 24 (8,4 %), Мухтубаев Бауыржан Жолдасқалиұлына 15 (5,2 %) дауыс берілді.

Ерлан Болатұлы 01.12.1976 жылы туған. Ұлты қазақ. Бөрлі ауданы Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарды. «AMANAT» партиясының мүшесі. Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Достық ауылының тұрғыны.

Мемлекеттік қызметте 19 жыл жұмыс жасаған. Отбасы жағдайы: үйленген, 4 ұл, 1 қызы бар

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале