18.08.2021, 9:32
Оқылды: 60

Ақбұлақта спорттық шара өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шыңғырлау ауданына қарасты Ақбұлақ ауылдық округінде спорттық шара оздырылды. Спортшылардың кәсіби мерекесі шеңберінде округтегегі спорт әдіскері М.Мендалиевтің ұйымдастырумен футболдан өткізілген шараға ауданымыздан бөлек өзге аудандардан және Орал қаласынан 8 команда қатысты.

IMG_7625

Спорттық ойынға «Ақбұлақ», «Стандарт», «Жастар Шыңғырлау», «Намыс», «Apple маркет» (Орал), «Жосалы» (Сырым ауданы), «БЖСМ» (Ақтау), «Ақсай» командалары қатысып, бақ сынады.

Тартысты да қызықты өткен ойын нәтижесі бойынша ІІІ орынды Шыңғырлау аудандық «Намыс» командасы иеленсе, ІІ орынды «Ақбұлақ» командасы қанжығаға байлады. Жүлделі І орынды Ақсай қаласынан келген «БЖСМ» командасы қоржынына салды. Жеңімпаздар Шыңғырлау спорт клубы атынан арнайы дайындалған кубоктармен және медальдармен марапатталды. Сонымен қатар жүлдегерлерге «Диас», «Альтайр», «Жунусов» шаруа қожалықтары атынан қаржылай сыйлықтар табысталды.

Тартысты ойында бабында екенін көрсеткен «Намыс» командасының ойыншысы Эрик Сағындықов: « Ойын өте тартысты әрі жоғарғы деңгейде өтті. Басқа да аудан, қала командалары келіп, әдемі ойын өрнегін көрсеткеніне және футболды жанына серік еткен жалынды жастар қатары көбейіп жатқанына қуаныштымыз», - дейді.

 

А.Лепес,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале