15.08.2022, 16:00
Оқылды: 69

Ақбұлақтықтар жарап тұр

Ақбұлақ ауылдық округіндегі шаруа қожалықтары бірнеше жылдан бері игі бастаманы қолға алған-тұғын. Биыл да “Мейірімді жүрек” қайырымдылық акциясы аясында мал азығын ауылдағы шаруа қожалықтары әлеуметтік жағынан аз қамталған отбасыларына тегін түсіріп беруде.

7

Акцияның негізгі мақсаты – жас ұрпақты адамгершілік қасиеттер мен мейірімділікке, жанашырлыққа, көмекке келуге, айналадағы адамдарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Жақында шаруа жан Нұрболат Акиев екі отбасына мал азығын ауылдастың ауласына жеткізіп тастады.

Н.Айқын,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале