1.07.2023, 20:41
Оқылды: 75

«Әкелер Даңқы Жолымен» спорттық-туристік слет өз мәресіне жетті

30 маусым және 1 шілде күндері ауданымыздағы Кеңтүбек ауылдық округіне қарасты Пролетарка ауылында «Әкелер Даңқы Жолымен» атты дәстүрлі аудандық спорттық-туристік слет өтті.

C8CDBBF2-9444-4760-841D-9EF6A22106BC

Спорттық-туристік слеттің басты мақсаты салауатты өмір салтын ұстанып, аудан жастарына экологиялық тәрбие беруде туризмнің рөлін арттыру. Ұйымдастырушы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешені. Жарыстың бас төрешісі «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің директоры Бауыржан Мухтубаев.

239558C1-3AAF-45D9-884B-2B88BE46C0B7

Жарыс дала газеті, тұратын орын, су туризмі, спорттық бағдарлау, туристтік өткелдер, саябақ волейбол, шағын футбол, гір көтеру, дойбы, арқан тарту, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, қол күресі және асық ату мен бес асықтан тұрды. Сайысқа барлығы 13 ауылдық округ қатысты.

54B2A3C1-C1F6-400A-A3CE-1A1A9C03637C

Екі күнге созылған слет барысында қатысушылар табиғат аясында, ашық аспан астында шатырларын құрып, түрлі спорттық және шығармашылық байқаулар бойынша жарысты.

8054524A-44DB-4CF0-ACE9-E415676919E6

Қорытындысында, жалпы командалық есепте 403 ұпаймен Бөрлі ауылдық округінің командасы топ жарып, жеңімпаз атанды. 338 ұпаймен Кеңтүбек ауылдық округ командасы екінші орынға жайғасты. Ал 336 ұпаймен Қарағанды ауылдық округ командасы үштікті қорытындылады.

911EF5DB-4977-4E2C-8216-06A0FD91EA99

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің тиісті дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

CDF7C69D-D721-40E7-ADF8-8CA73CDD9D57

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале