20.09.2021, 19:42
Оқылды: 118

«Ақиқат» командасына құрмет көрсетілді

Жуырда Жаңақала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева «Ақиқат» КТК жайдарман тобының мүшелерімен кездесті. Айта кетсек, «Мен ауылдың баласы» КТК фестивалінің финалдық бәсекесінде жасөспірімдерден құралған «Ақиқат» КТК жайдарман тобы жүлделі I орынмен оралған болатын.

 6

Аудан әкімінің орынбасары А.Нұрғалиқызы ауданның намысын абыройлы қорғап, республикалық Жайдарман және КТА сайыстарына жолдаманы жеңіп алған талантты өрендерді жеңістерімен құттықтап, жоғары жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді.

- Өздеріңіздің алғыр, пысықтықтарыңызбен сахнада көзге түсіп, нағыз жүйрік екендеріңізді таныттыңыздар. Сахна төрінде әрқашан жұлдыздарыңыз жана берсін. Тек қана Жаңақаланың ғана емес, Батыс Қазақстанның намысын қорғап, алдағы уақытта Нұр-Сұлтан қаласында да осындай биік белесті бағындырсаңыздар екен деген тілектеміз.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен таныса отырып, кітапты көп оқуды қажет етеді. Қоғамдағы күрделі мәселелерді қалжыңға айналдырып, ұтымды әзілдерімен халыққа жеткізеді. Қолдарыңызда ұялы телефондарыңыз бар. Сондықтан қазірден бастап, Қазақстанда, ауданымызда қандай жаңалықтар, қызықты оқиғалар болып жатқанын кешегі өздеріңіздің КТК-ға қосқан әзілдеріңіз сияқты біліп отыруларыңыз керек. Ұтымды әзілдерді құрып, ұйымдастырған жетекшілерге алғыс айтамыз, - деп команда ойыншылары мен жетекшілеріне аудан әкімі Наурызбай Қарағойшиннің алғыс хатын және естелік сыйлықтар табыс етті.

 

Ж.Хайрушева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале