22.07.2021, 11:42
Оқылды: 67

Әкім сайлауы - халық таңдауы

 Биылғы ауыл әкімдерін сайлаудың ерекшелігі - тұрғындар өз кандидатурасын таңдап, өздері сайлай алады.

IMG_2351-22-07-21-11-02

Бұрын үміткерлерді тағайындайтын болса, қазір халық сайлайды. Халықтың таңдауына берілген сайлау елге үлкен өзгеріс енгізеді деп ойлаймын.  Көзі ашық халық "кім болса да, халықтың мұң-мұқтажын түсінетін, білетін адам әкім болсын" деп отыратыны анық. Халық таңдауы қашанда әділ. Бірлесе жұмыс жасап, ел ахуалын артыру басты міндет. Сайлаудың басты ерекшелігі осы, халықпен етене қызмет атқару. Сондықтан еліміз бойынша алғаш жүзеге асып жатқан бұл қадам - алғыр, іскер, жаңашыл жергілікті әкімдердің қалыптасуына оң ықпал етіп, кадр саясатына тың серпін береді деген үміттеміз.

 

Мұқағали Шоқпанов,

Казталов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық

орталығының директоры

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале