27.12.2022, 15:45
Оқылды: 90

Әкім шыршасы балаларға қуаныш сыйлады

Жер-жерде жаңажылдық мерекелік шаралар өтуде. Шыңғырлау ауданында да мерекелік іс-шаралар бағдарламасы, әсіресе, балалар мен сәбилерге зор қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

9

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Әкім шыршасы ұйымдастырылып, небір ертегі кейіпкерлері болып киінген түрлі персонаждар арасында шыңғырлаулық бүлдіршіндер мен балалар ән-айтып, би биледі.

10

Көптен күткен жаңа жылдық мерекенің шырша шамы жағылды. Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова балалар мен оқушыларға арнап құттықтау сөз сөйлеп: «Болашақтарың жарқын болсын, сендер біздің еліміздің ертеңісіңдер, сол себепті саналы тәрбие, терең білім алыңдар» -деді.

11

Әсем безендірілген шырша жанында Аяз ата мен Ақшақар сыйлық үлестіріліп, мерекеге қатысушылардың көңілдерін көтерді. «Айта кету жөн, аталған  жаңа жылдық шыршаға 8 ауылдық округінен және аудан орталығынан 42 бала қатысты.

12

Көпшілігі әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасынан болса, ал енді біреулері Президентіміздің қаулысымен жарияланған балалар жылында оқуда, спортта, өнерде үздік деп танылған және  белсенділіктерімен көзге түскен оқушылар» - дейді ұйымдастырушылар.

А.Мұса

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале