8.03.2024, 14:10
Оқылды: 39

Әкімдіктегі мерекелік шара

Бүгін Бөкей ордасы ауданы әкімдігінде әдемі бір шара өтті. Шырайлы  шараның қонақтары - саналы ғұмырларын туған еліне қызмет етуге  арнаған ақ жаулықты аналарымыз бен еселі еңбектерімен ауданның дамуына үлес қосып жүрген қыз-келіншектеріміз. Мерекелік бағдарлама шымылдығын аудан әкімі Нұрлыбек Даумов құттықтау сөзімен ашты.

FB_IMG_1709811140198

—Шаңырақтың берекесі мен жылулығы, еліміздің бүтіндігі, ең алдымен ананың ақ пейілінен бастау алады. Үй шаруасы мен кәсіби қызметті үйлестіре отырып, әлемді мейірімді ететін - өздеріңіз. Нәзік жандылардың бағындырмаған белесі мен еңсермеген қиындығы кемде-кем. Бүгінде әйелдер қауымы әртүрлі салада жемісті қызмет етіп жүр. Сіздердің еселі еңбектеріңіз ауданымыздың гүлденуіне, қоғамның тұрақтылығы мен отбасылық құндылықтардың нығаюына қосқан өлшеусіз үлестеріңіз деп білемін. Осындай шуақты мерекеде өздеріңізге шын жүректен зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт, ұрпақтарыңыздың амандығы мен отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін, — деді.

FB_IMG_1709811175028

Тек құттықтап қана қоймай, құттықтау хат, гүл шоғын және естелікке сый-сияпат табыс етті.

FB_IMG_1709811179140

Сонымен бірге аудан басшысы Нұрлыбек Даумов еңбек жолын мұғалімдік мен бастап, депутат боп, мәслихат басқарып, медиатор, қоғамдық бірлестік басшысы сияқты түрлі қоғамдық қызметті асқан жауапкершілікпен атқарған Гүлжан Бисекеноваға құрмет көрсетіп, камзол кигізді.

Шараға арнайы қатысқан аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Тілеген Арыстанбеков пен аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева да нәзік жандыларымызға игі тілектерін арнады.

FB_IMG_1709811067973

Қабылдау барысында әйелдер қауымы өз салалары жайында әңгіме өрбітіп, ізгі тілектерін арнап, мерекелік құттықтауларын жеткізді.

Ал ауданның өнерлі азаматтары әуезді әндерімен шара шырайын айшықтай түсті.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале