22.01.2020, 18:09
Оқылды: 56

Аққозы ауылына дәрігер керек

Қаратөбе ауданының Аққозы ауылдық округінде аудан әкімі Жанат Асантаев пен округ әкімі Қоныс Мұқанов тұрғындар алдында есеп берді.

qaratobe aqqozy (2)

 Аудан әкімі Жанат Асантаев алдымен өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, былтырғы қойылған мәселелердің шешілу жәйін де сөз етті.

Ауыл әкімі Қоныс Ізімұлының сөзінен аңғарғанымыз, округ бойынша 31 кәсіпкер тіркелсе, 18 шаруа қожалығы бар көрінеді. Ал мал санына келсек, ірі қара – 3 528, қой мен  ешкі 7 096, жылқы 1 264 басқа жеткен. Айта кетелік, 15 шаруа қожалығы 53 миллион 647 мың теңгенің қолдау қаражатын иеленіпті. Бүгінгі күні асыл тұқымды ірі қара өсірумен 2, асыл тұқымды қой өсірумен бір шаруашылық айналысып отырса, үйірге асыл тұқымды айғыр салған бір шаруашылық бар екен. Олар өзге шаруа қожалықтарына асыл тұқымды мал сата бастаған. «Сатыбалды» және «Ермек» шаруа қожалықтары «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 200 басқа жуық ангус тұқымды ірі қара малын әкелген.

 Өз кезегінде «Басты байлық – денсаулық» екенін алға тартқан ауыл тұрғыны Ақжан Сағиқызы округке дәрігер мен жедел жәрдем көлігі керектігін айтты.

Ерболат Райсов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале