13.08.2022, 13:20
Оқылды: 50

Ақпәтерде қайықшылар сайысы өтті

12 тамыз күні Казталов ауданына қарасты Ақпәтер ауылдық округінде жастар күніне орай қайықшылар арасында «Akpater open 2022» сайысы өтті.

20220812083619_IMG_5145

Округ көлемінде ұйымдастырылған шараға аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мұқағали Шоқпанов, Ақпәтер ауылдық округінің әкімі Төлеген Сүйінішқалиев қатысып, жастарды төл мерекелерімен құттықтады. «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен өткен жарысқа 20-ға жуық жас спортшы қатысып, өзара мықтыларды анықтады.

Жарысқа қатысушылар бірнеше топ бойынша 4 қатысушыдан сынға түсіп, мәре сызығына алғаш болып жеткендер финалда бақ сынады.

20220812084935_IMG_5167

Ауданда алғаш рет ұйымдастырылған қайықшылар бәсекесінің қорытындысы бойынша Манап Гнедко жүлделі ІІІ орын, Нұрбек Ғабдолов жүлделі ІІ орынға ие болса, Анарбек Айтжанов жеңіс тұғырынан көрінді. Ал Мерхан Рамазанов, Жігер Төлегенов жеңіске деген жігерлігі үшін марапатталса, Арман Тимуров «Ең жас қайықшы», Оралбек Серіков «Ардагер қайықшы» аталымдарына ие болды.

Жоғары деңгейде өткен сайысқа ауыл жастары Ерназар Хамзин, Ерсұлтан Хамза, Асхат Сапашев, Данабек Тауасов, Мейірхан Нұрмұханов, Мейрамбек Қабатов, Ержан Қабдығалиев қаржылай қолдау көрсетті.

 

- Жастар күніне орай округ жастарының ұйымдастыруымен өткен қайықшылар сайысы алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жарысты алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіп отыру жоспарымызда бар. Жалпы округте жастардың спортпен шұғылдануына, белсенділігін арттыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұдан бөлек, алдағы уақытта интеллектуалдық ойындар, көпшілік мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жоспарымызда бар. Мұның сыртында ауданымыздағы жастар саясатын жүзеге асыру бағытында да біркелкі жұмыстар жүргізілді, - деді округ әкімі Төлеген Максимұлы.

20220812084156_IMG_5147

Жарысқа қатысушылардың барлығы дипломдармен, медальдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале