8.05.2024, 16:30
Оқылды: 36

Ақпәтерде «Жігіт сұлтаны – 2024» байқауы өтті

Казталов ауданына қарасты Ақпәтер ауылдық мәдениет үйінде «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай ауылдық Мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1-6 сынып оқушылары арасында «Жігіт сұлтаны – 2024» байқауы өтті.

IMG-20240506-WA0055
Халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын өскелең ұрпақ бойына сіңіру мақсатында, елі үшін қызмет етер, батыл да намысты азаматтарды тәрбиелеу бағытындағы бұл байқау төрт кезең бойынша өтіп, қорытындысында Қадырбек Әлихан «Алғыр жігіт», Нұрлан Мадияр «Өнерлі жігіт»,
Жақсылық Мирас «Парасатты жігіт», Нариман Алдияр «Шымыр жігіт», Ерік Дәулет «Шешен жігіт», ал Темірболат Салауат болса өзінің жан жақты өнерімен «Жігіт сұлтаны – 2024» байқауының жеңімпазы атанды.
Байқауға қатысушы өнерлі өрендердің ата-аналарына, ұстаздарына, демеуші болған Қабатов Мейрамбекке ұйымдастырушылар атынан алғыс білдірілді.

Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале