13.03.2024, 10:16
Оқылды: 2

Ақпәтерлік азамат Қазақстанның алтын кітабына енді

Елдің іргесі берік қаланып, бастамалардың нәтижелі болуы – әрбір перзентіміздің іс-әрекетімен өлшенетіні белгілі. Түрлі іске ұйытқы болып, әр бастамасына кісі қызығатын текті тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері еліміздің ертеңгі жастарына үлгі боларлы хақ. Оларға қанша мақтау айтсақ та жарасады.

3d4bc09b-54e8-4838-abba-4dc9ef0ef05a

Елге қызмет етіп, биік белеске көтеріліп, жетістікке жеткен осындай жандарды бір жинаққа топтастырып, ұлы тұлғалардың болмыс-бітімін, еңбегін  кейінгі ұрпаққа ұсыну жолында республикалық «Оrda.kz» баспа үйі әр аймақтың шоқжұлдызындай болып жана білген асыл жүректі жандар туралы «Қазақстанның алтын кітабы» энциклопедиясын жарыққа шығарды. Онда бойындағы қабілетін ізденіске, қажыр-қайратын ел игілігіне арнаған алтын жүректі тұлғалар топтастырылған.

54a72ee7-f0e0-4cad-84ed-091e2eae9359

Міне, осындай бағалы жинаққа Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округінен белгілі меценат «Ер-Қожа» шаруа қожалығының жетекшісі Самат Хасанов еніп отыр.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале