15.12.2021, 11:00
Оқылды: 0

Ақпәтерлік түлектер қақпа орнатты

Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округінде Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асқан тағы бір игі істің куәсі болдық. 2001 жылғы түлектердің демеушілігімен ауылға кіреберіс қақпа орнатылды.

E6B0E028-5117-4814-A6C3-B8B63DA6892B

Шарада сөз алған Казталов аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов игі іске ұйытқы болған 2001 жылғы мектеп түлектеріне ризашылығын білдіріп, елге пайдасын тигізу үлкен жүректі азаматтардың ғана қолынан келетінін тілге тиек етті. Ақпәтер жұртшылығының қуанышында шек болмады. Кіреберіске орнатылған қақпа ауылдың сәнін келтіріп, елдің елдігін көрсетіп тұрғандай. Жаһандану заманында жомарттық танытып, туған ауылының гүлденуі үшін қолда бар қаражатын аямаған мектеп түлектеріне жерлестерінің де алғыстан басқа айтары жоқ.

 Әсем Болат,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале