7.09.2021, 12:24
Оқылды: 66

Ақсай қаласынан 600 орындық мектеп салынбақ

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов аудандағы әлеуметтік саланың дамуы, жұмыспен қамту мен ауыл шаруашылығы салаларындағы атқарылған істерді атап өтіп, аудандағы эпидахуалға да тоқталды. 

 02

Спикердің мәлімдеуінше, «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде былтырғы жылы бастау алған Ақсай қаласының №3 және №4 мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол сияқты, Ақсай қаласының 13 ықшам ауданында 600 орындық мектеп құрылысын жүргізу үшін жеке инвестиция көздерін тарту жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама аясында Қызылтал шағын ауданында балаларға арналған «мәдени-спорттық кешенінің» құрылысын бастау жоспарға енген.

- Тәуелсіздіктің өткен осы жылдар белесінде мемлекетіміз талай қиындықтарды еңсеріп, биік асуларды бағындырды. Қазақстан деген мемлекетті, қазақ деген елді бүкіл дүние жүзі таныды. Еліміздің осындай биіктерді бағындыруына, әлеуметтік-экономикалық дамуына аудан тұрғындары да сүбелі үлесін қосып келеді. Сондықтан Тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, тағылымы терең. Бүгінгі салтанатты сәтте, баршаңызға адал еңбектеріңіз бен ауданның дамуына  қосқан зор үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді.  Бірлігіміз бен берекелі тірлігіміздің арқасында келген Тәуелсіздігіміз елімізге құт-береке, тыныштық, толағай табыстар мен қуаныш әкелсін! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!, - деп қорытындылады өз баяндамасын Миржан Сатқанов.

 

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале