16.10.2024, 17:45
Оқылды: 292

Ақсай қаласында тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін жаңа цех ашылды

Ақсай қаласындағы «Digitalisation and Recycling» ЖШС-де қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін жаңа цех ашылды.

мусорный цех (6)

Аталған компания Merlion Develoment Group компаниялар тобына кіреді. Бүгінгі күні маңызы бар осы цехтың ашылу салтанатына облыс, аудан басшылығының, БҚО экология департаментінің, КПО б.в. компаниясы мен кәсіпкерлер қоғамдастығының өкілдері қатысты.

– Бүгін Ақсай қаласы үшін өте маңызды жоба, қуаты жылына 5 000 тонна қоқыстарды сұрыптау кешенінің салтанатты ашылуына жиналдық. Жобаға 800 млн теңге көлемінде инвестиция тартылып, 12 жұмыс орны құрылып жатыр. 40 мыңнан астам тұрғыны бар Ақсай қаласы өндірістік және әлеуметтік нысандарымен ерекшеленеді. Нәтижесінде қалыптасатын коммуналдық қалдықтар сұрыптау өзекті мәселе және оны шешуде «Digitalisation and Resycling» ЖШС қоқыс сұрыптау кешенінің іске қосылуы қоршаған орта тазалығы және экологиялық қолайлылықты қамтамасыз етеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, кәсіпорын басшылығы мен ұжымына осы нысан қызметін ұйымдастырғаныңыз үшін алғысымды білдіре отырып, кәсіпорын қызметіне табыс тілеймін, - деді облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

мусорный цех (8)

Жаңа ашылған цех сорттау лентасымен, қоқыстарды бөлуге арналған контейнерлермен, картон мен пластикті мығымдауға арналған басқышпен жабдықталған.

мусорный цех (7)

Өңдеуге келмейтін қоқысты жағатын пеш орнатылған. Аталған цехтың қуаты жылына бес мың тонна қоқыс жағуға жетеді.

мусорный цех (3)

— Цехтың жұмысы үш кезеңге бөлінеді. Мәселен, картонды жұмыртқа сатуға арналған ұяшықтар жасау өндірісіне, пластикті шпагатқа жібереміз деп жоспарлап отырмыз. Ал машинаның дөңгелектерін ұсақтап өңдеуге жіберетін болармыз. Сондай-ақ бізде қоқыстың кейбір түрлерін бөліп жинауға арналған қосымша аумақ та бар. Өңдеуге келмейтін қалдық қоқысты өртейміз. Айтпақшы, жанған оттан шығатын жылу элект өндірісі үшін пайдаланылатын болады. Бірақ бұл туралы айтуға әлі ертелеу. Бізге тамақ өнімдеріне көңіл аударуды, нақтырақ айтқанда өңдеуді ұсынып отыр. Біз бұл мәселені әлі жан-жақты ойластырып, қарастыратын боламыз, - деді Merlion Develoment Group компаниясының басшысы Динар Хамиев.

мусорный цех (11)

Қазіргі уақытта цехта 30 адам жұмыс істеп жатыр. Динар Хамиевтың айтуы бойынша, болашақта цехтың үлкеюіне және қуатының артуына орай жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Мария Пирог

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале