23.11.2023, 21:39
Оқылды: 64

Ақсай көшелерінде 210 бейнебақылау камерасы орнатылады

Енді ақсайлықтар мен қала қонақтарының қауіпсіздігі тәулік бойы бақыланып отырады. Ол үшін аудандық полиция бөлімі жанынан жедел басқару орталығы ашылып, қозғалыс жылдамдығын белгілейтін және қозғалыс ағынын бақылайтын 15 стационарлық автоматты жүйе, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау үшін 210 бейнебақылау камерасы орнатылып, «СұңқарСмартҚорғау» жүйесі енгізілді.

WhatsApp Image 2023-11-23 at 15.36.55 (1)

Сөйтіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқықбұзушылықтар бойынша жедел жұмыстар жүзеге асырылмақ.

Бұл туралы аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сұлтан Шалдарбеков әлеуметтік желі арқылы аудан тұрғындары мен қонақтарына мәлімдеген еді. Сала басшысының сөзінше, 23 қарашадан, яғни бүгіннен бастап жаңадан орнатылған 15 стационарлық (Призма) автоматты жылдамдықты реттеу жүйесі қалыпты жұмыс істей бастайтайды. Бұл жүйе тәулік бойы жылдамдықты шектеуді бұзуды екі бағытта да тіркеп, жылдамдықты бұзған барлық көліктер тіркелген елге қарамастан есепке алынатын болады. Сондықтан, ауданның бас полицейі тұрғындарды жол көлік ережесін және жылдамдықты қатаң сақтауға шақырады.

WhatsApp Image 2023-11-23 at 15.36.55

Қазіргі танда деректерді берудің біріңғай жүйесін ұйымдастыру бойынша аудандағы 11 орта білім беретін мектептерден 131 бейнебақылау камерасы, 10 мектепке дейінгі мекемелерден 121 бейнебақылау камерасы, сондай-ақ 33 дабыл түймелері аталған орталыққа шығарылып отыр.

цоу

Бүгін ауданға келген облыс әкімі Нариман Төреғалиев орталықтың жұмысымен танысты. Нариман Төреғалиевке сала мамандары аудан тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті ұлғайту мақсатында аталған жобаның ІІ кезеңін іске асыру үшін 680 млн теңге көлемінде қаражат бөлуге қолдау білдіруді сұрады. Мамандар, бұл жоба іске асса, құқық бұзушылықтардың саны төмендейтінін айтып отыр.

Айта кетейік, жедел басқару орталығын құру үшін инфрақұрылым дайындалып 2018 жылы жергілікті бюджет қаражатынан салынған болтын. Ағымдағы жылда «АқсайСмартСити» жобасын іске асыру шеңберінде орталық үшін қажетті коммуникациялар жүргізілді.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале