30.06.2026, 17:20
Оқылды: 52

Ақсайда 4 жұлдызды қонақ үй бой көтеруде

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапары барысында Ақсай қаласында салынып жатқан бірқатар нысанды аралап, олардың жүзеге асу барысымен танысты. Соның бірі – заманауи талаптарға сай бой көтеріп жатқан төрт жұлдызды қонақүй кешені.

WhatsApp Image 2026-06-30 at 16.42.56

Құны 7 млрд теңге болатын инвестициялық жобаны «ПСП Серик» ЖШС жүзеге асырды. Қонақүйде 108 жайлы нөмір, мейрамхана, конференц-залдар, демалыс және қызмет көрсету аймақтары қарастырылған. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғанымен, нысанды іске қосу үшін резервтік су желісін тарту мәселесі шешімін күтуде.

WhatsApp Image 2026-06-30 at 16.42.55

Ақсай қаласы – халықаралық компаниялар шоғырланған, шетелдік мамандар жиі келетін өндірістік өңір. Осыған байланысты қалада халықаралық стандарттарға сай, франшиза негізінде басқарылатын әлемдік деңгейдегі қонақүй бой көтеруде. Жоба іске қосылғаннан кейін шетелдік және отандық қонақтарға жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Нысан құрылысы жыл аяғына дейін аяқталып, пайдалануға берілуі тиіс.

WhatsApp Image 2026-06-30 at 16.42.56 (1)

Нысанды аралап көрген облыс әкімі жобаның өңір үшін маңыздылығына тоқталып, қонақүйдің сапалы әрі заманауи талаптарға сай салынуына оң бағасын берді. Сондай-ақ қалған инженерлік мәселелерді жедел шешіп, нысанды пайдалануға беру бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыруды тапсырды.

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

WhatsApp Image 2026-06-30 at 16.42.57

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале