9.01.2020, 17:58
Оқылды: 39

Ақсайда «Ашық әкімдік» шарасы өтті

Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында «Ашық әкімдік» шарасы өтіп, оған отызға жуық тұрғын келді. 

borli ashyq (2)

Ашық алаңда жиналғандар мекеме басшыларына сауалдарын қойды. Негізінен көше атауын өзгерту, жер кезегі, жол жөндеу мен жұмыс беру, көше жарықтандырылуы, қаладан тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, АӘК-ге қатысты сұрақтар қойылды. Барлығы 20-дан астам мемлекеттік және коммуналдық мекеме қызметкерлері, құқық қорғау бөлімдері қызмет көрсетті.

borli ashyq (4)

Сондай-ақ аудан және қала әкімдері де қабылдау өткізіп, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.

Айта кетелік, 21 сұрақ сол жерде шешімін тапса, бірқатары жауапты тұлғалардың бақылауына алынды.

 "Бөрлі жаршысы" ақпарат

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале