Ақсай қаласындағы «Қарашығанақ» спорт кешенінде «БҚО бойынша Таулы Қарабақтағы этносаралық қатынастарды реттеуге қатысқан ұрыс қимылдарының ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің кубогі үшін және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында Бөрлі ауданының ашық әскери-спорттық ойындары ұйымдастырылды. Аталған жарыс салауатты өмір салтын насихаттап, ауданымызда бұқаралаық спортты кеңінен дамыту, аудан тұрғындары алдында «Таулы Қарабах» ардагерлері қоғамының жастар арасында жүргізіп жатырған дене шынықтыру, спорттық, әскери-патриоттық тәрбие беру бағытындағы жұмыстарын насихаттау.
Жарысқа Ақсай қаласының №2, №3, №4, №7, №8 ЖОББМ-тері және Бөрлі ЖОББМ мен Бөрлі колледждерінің оқушылары мен студенттері қатысты. Шараға қатысқан қонақтар қатарында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Исатай Қарабаев, аудандық БЖСМ директоры Есенаман Стамғазиев, БҚО бойынша Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығыстарды реттеуге қатысқан ұрыс қимылдарының ардагері, қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әсет Жұмағалиев және бір топ ардагерлері, ауданымыздың құрметті азаматы, Ауған соғысының ардагері Жетпісбай Бектеміровтер қатысты.
- «Таулы Қарабақ ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы жасөспірім және жастармен жұмыстанады. Бүгінгі шараның да мақсаты жастарға Таулы Қарабах туралы ақпарат беріп, оларға Отан қорғаудың маңыздылығын түсіндіру болып табылады. Шара барысында жастары Отан алдындағы борыштарын өтеуге жақындаған ер балаларға әскер туралы айттық. Біздің қоғамдық бірлестік өскелең ұрпаққа патриоттықтәрбие беру мақсатында ұйымдастырылатын шараларға әрқашан белсенді қатысады. Осындай жарыстар арқылы жастарымыз өздерінің физикалық дайындықтарын арттырып, шынығады. Таулы Қарабах қақтығысына қатысқан ардагерлердің саны Батыс Қазақстан облысы бойынша - 350, Бөрлі ауданынан – 33, - дейді «Таулы Қарабақ ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы Нұрлан Ермұханов.
Қатысушылар кедергілерден өту, гір тасын көтеру, автоматты жартылай бөлшектеу және жинақтау бойынша жарысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте №3 ЖОББМ-нің командасы 80 ұпаймен жеңіске жетті. Ал №7 ЖОББМ-тің командасы 72 ұпаймен ІІ, №8 ЖОББМ-тің командасы 62 ұпаймен ІІІ орындарға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «БҚО ТҚ ҰҚА» ҚБ атынан тиісті дәрежедегі дипломдармен, медельдармен және кубоктармен марапатталды.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы