1.08.2019, 12:16
Оқылды: 331

Ақсайда футболдан аудандық чемпионат мәреге жетті

Жастар жылына орай ұйымдастырылған шағын футболдан LLF ережелері бойынша Бөрлі ауданының жазғы ашық чемпионаты өз мәресіне жетті.

Aksay futbol (1)

Жарыстың жабылу рәсіміне Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкінбаев, Бөрлі ауданының футбол федерациясының президенті Махамбет Карашутов қатысты.

Чемпионат екі ай мерзімі аралығында өткізіліп, қатысқан 16 команда "Алтын лига" және "Күміс лига" топтарына бөлініп бақ сынаған.

Жарыс қорытындысы бойынша, Алтын лигада "Энергетик Ақсай" командасы үздік шықса, Бумакөл аауылдық округінің командасы екінші, "Еңбек ресурсы" командасы үшінші тұғырдан көрінді.

Күміс лигада тартысқа түскендер арасынан "Мәдениет" командасы суырылып шығып, бірінші орынға қол жеткізді. Жүлдеді екінші орынды "Автомобилист" командасы иеленді. Үшінші орынға Бөрлі ауданы әкімдігінің командасы тұрақтады.

Aksay futbol (2)

Аталмыш чемпионатта ерекеше өнер көрсеткен Алмат Каримбаев «Үздік бомбардир», Самат Мұхатов «Үздік қақпашы», Армат Ильясов «Үздік қорғаушы», Мажит Асхат «Үздік шабуылшы», Марат Мендаев «Үздік ойыншы» аталымдарын қанжығалады.

Алтын және Күміс лига жеңімпаздары арасында ойнатылған " SUPER CUP" ойынының иегері «Ақсай Энергетик» командасы болды. Чемпионат барысында үздік ойын өрнегін көрсеткен «Тарлан» және «Энергетик Ақсай» командалары Бөрлі ауданының футбол федерациясы атынан Нұр-Сұлтан қаласында шағын футболдан 6*6 форматында өтетін ҚР VII чемпионатына жолдама алды.

Мейрамбек СЫДЫҚОВ

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале