14.04.2017, 11:30
Оқылды: 26

Ақсайда жаңа әкім

Ақсай қаласының әкімі қызметіне Бегімжан Жармұхамбетов тағайындалды. Айта кетейік, ол осыған дейін шаһар басшысының міндетін атқарды.


Бүгін Ақсайда қала әкімінің сайлауы өтті. 13 адамнан тұратын  ауданның депутаттық корпус құрамы әкім қызметіне бірауыздан Б.Жармұхамбетовті лайық деп таныды. Депутаттар таңдаған үміткер 92,3 % , ал екінші үміткер – Жарсуат ауылдық округі әкімдігі аппаратының маманы Қадыр Разиев 7,7  %  дауыс жинады.

Естеріңізге сала кетейік, депутаттар назарына сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезінде екі үміткер де өз бағдарламаларын ұсынған болатын.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале