29.03.2024, 12:00
Оқылды: 54

Ақсайға бөгет қорған болып тұр

Шыңғырлау өзенінің шамадан тыс көтерілуі мен еріген қар суының көптеп жиналуы жыл сайын Ақсай қаласы мен Қызылтал ауылына қауіп төндіретін еді. Соңғы бес жылда аталған мәселені шешу үшін жергілікті билік қала сыртына инжинерлік қорғау салу жөнінде шешім қабылдаған болатын.

су бурли 2024 (1)
Сөйтіп 2022 жылы қыркүйек айында «Қызылтал ауылының су тасқынынан инженерлік қорғау» құрылысы салынып, құрылыс былтыр аяқталған еді.

Аталған инженерлік жобаның жалпы ұзындығы 11х6 шақырым, биіктігі 2 метр, ал ені 4 метр.

су бурли 2024 (2)

Бұл бөгеттің болуы Қызылтал және Ақсай қаласының оңтүстік бағытындағы тұрғын үйлерді биылғы көктемгі су тасқыны қауіпінен қорғап тұр.
Дегенмен бұл жұмысты жалғастыру керек. Осындай бөгет Шыңғырлау өзені бойында тұрған Аралтал мен Пугачев ауылдарына да қажет-ақ.
Қазіргі уақытта Ақсай қаласының солтүстік бағыты, Аралтал және Пугачев ауылдарына тасқын судың келмеуін қамтамасыз ету үшін «Еріген судан қорғау үшін «Ақсай» каналын қайта құру» жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы жасалып, қазір 90 пайыз аяқталып тұр.

су бурли 2024 (3)

Аталған жобаның жалпы ұзындығы 12,7 шақырым, биіктігі 1, ені 4,5 мерт болып отыр.

Бұл жобаның құрылысы аяқталған жағдайда аталған аймақта тұратын 15 мыңға жуық тұрғынның үйін тасқын су басу қаупі мәселесі түбегейлі шешілмек. Жоба сараптамадан өтіп, жергілікті бюджеттен 20 миллион теңгеге жобалау-сметалық құжаттама жасалды.

су бурли 2024 (4)

Еске сала кетейік, былтыр 2023 жылы ауданда болған төтенше жағдай салдарынан 192 баспанаға зақым келіп, 16 үй мүлде жарамсыз күйде қалған еді. Үйсіз қалған тұрғындарға жаңа баспана салынып, тұрғындар жаңа үйлерге көшірілген болатын.

су бурли 2024 (5)

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале