14.09.2026, 21:00
Оқылды: 6

Ақсайлық отбасылар өнегелі басқосуда сыр шертті

Ақсай қаласындағы Достық үйінде Отбасы күніне арналған «Берекелі шаңырақ – бақытты отбасы» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

image-14-09-26-06-13-4

Мекеме директоры Толқын Хадышеваның алғысөзімен басталған шарада әр жылдары отау құрған алты өнегелі отбасы көпшілікке таныстырылып, олардың өмір жолы мен отбасылық құндылықтары сөз болды.

​Атап айтқанда, кеште жарты ғасырдан астам уақыт бірге келе жатқан 51 жылдық ғұмыры бар Қабаковтар мен Тоққожиевтер және 55 жыл отасқан Абдрахмановтар отбасы ерекше құрметке бөленді. Сондай-ақ 19 жылдық тәжірибесі бар Сұлтанғалиевтер, медицина саласында еңбек ететін 13 жылдық Омаровтар мен жас педиатрлар Таңатаровтар отбасы өздерінің отбасылық сырларымен бөлісті. Рухани мәні зор кеш соңында қатысушыларға сый-құрмет көрсетіліп, арнайы алғысхаттар тапсырылды.

Сәнім Меңдібай, 

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале