24.04.2020, 22:58
Оқылды: 43

Ақсайлықтар жарады!

Сырым ауданы Алғабас ауылдық округі бұрын «Қызыл ту» колхозы аталды. Колхоздың №2 Ақсай бөлімшесінде біраз түтін бар-тын. Заман өзгерді, бөлімше тарады. Ақсайдың соңғы көші Алғабасқа 2002 жылы келді.

2CE14CF6-92D0-40F1-BE17-6133D75C42AB

Ойдағы, қырдағы, даладағы, қаладағы ақсайлықтар бірігіп, Оразаның алғашқы күні сауапты іс жасады. Олар Алғабастағы әлеуметтік жағдайы әлжуаз, көпбалалы, жалғызілікті 17 жанұяға 240 мың теңгеге азық-түлік алып, үйлеріне апарып берді.

60B80E1D-8595-4EF1-B781-3FEAE240D845

Қайырымдылық шарасын ұйымдастыруда Жақсыбай Досжанов, Ұлмекен Сағынғалиева ерекше үлес қосқан. Көмекке ие болып, көңілі жадыраған жандардың алғысын округ әкімі Өркен Әменов газет арқылы жеткізуді жөн көріпті.

 Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале