12.09.2022, 17:45
Оқылды: 69

Ақсайым – мұнайлы мекенім

Осындай атаумен Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы Ғ.Жәңгіров атындағы саябақта Қала күніне арналған мерекелік концерт өтті. Бұл мереке бұрынғыдан өзгерек. Бұл жолғы тойлау, мерекенің шарықтау шегі десе де болатындай. Себебі пандемиядан соң алғаш рет кең көлемде дүбірлі той тойланды.

16

Қара алтын мен көгілдір алау өндіретін Қарашығанақ мұнай кенішімен әлемге әйгілі байтақ мекен Ақсай қаласының іргетасының қаланғанына 55 жыл толып отыр. Батыс пен шығыстың, дәстүр мен бабалардың даналығы, болашаққа деген құлшынысының тоғысқан жеріндегі Қарашығанақ кен орнын бөлу туралы түпкілікті келісімге қол қойылғанына бүгінгі таңда – 25 жыл. Шаhардың 55 жылдық мерейтойымен құттықтап, марапаттау үшін сахна төрінде Бөрлі ауданы әкімі Еркебұлан Ихсанов және KPO b.v. компаниясының үкіметпен қатынас жөніндегі директоры Нұржан Камал сөз сөйледі.

13

- Құрметті жерлестер және қала қонақтары, бүгін біз бәрімізге ортақ мереке Ақсай қаласының 55 жылдығына орай ұйымдастырылған кеште бас қосып отырмыз. Сіздерді бірлік пен берекенің үлгісіне айналған Ақсайымыздың мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Ескі мен жаңаны үйлестірген қаламыз күннен-күнге көркейіп, заманауи келбетке ие болып келеді. Осы орайда мен аудан халқының әл-ауқатының өсуіне, қаламыздың тазалығына белсенді үлес қосып жүрген тұрғындарға, сондай-ақ киелі мекеннің гүлденуіне атсалысып, еңбек етіп жүрген сала мамандарына өз ризашылығымды білдіремін. Ақсайымыз гүлдене берсін! Мереке құтты болсын ағайын, - деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.

14

Одан әрі мерекелік кеште әкім аудан дамуына үлестерін қосқан атымтай жомарт жандарды және «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңіне қатысқан отбасыларды марапаттады.

15

Мерейтойдың көрігін әрі қарай аудандық өнерпаздармен бірге елімізге танымал эстрада жұлдыздары Төреғали Төреәлі мен жастар ұйып тыңдайтын Орал қаласынан шыққан өнерпаздар DD Records-тан Raim мен Adil жалғастырды.

Мерекелік концерт соңы отшашумен аяқталды.

А.Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале