26.11.2020, 16:52
Оқылды: 91

Ақсақалға құрмет көрсетті

Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин ардагер, аудан үшін көп жыл еңбек еткен, ҚР журналистер одағының мүшесі Нәсіпқали Мақановты 80 жасына орай қабылдап, құрмет көрсетті.

66BC807D-1C90-4C42-8CE8-D166C34145B4

Ақсақал Н.Мақановтың өмір жолына, өткерген белестеріне тоқталған аудан басшысы Н.Қадырбайұлы ол кісіні туған күнімен құттықтап, ұзақ ғұмыр, отбасы бақытын тіледі. Үстіне зерлі шапан жауып, алғысхат табыс етті. Сондай-ақ "Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты" деген атақты да табыс етіп, медаль тақты.

B3BFB4B1-C712-4430-840D-4EB9E534B4B1

Одан кейін аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин ардагер Шаһидолла Әбуғалиға "ҚР Конституциясына - 25 жыл" атты медаль табыстап, төсіне қадады. Ақын әрі журналист Закария Сисенғали жылы лебізін білдірді. Нәсіпқали Мақанов және Шаһидолла Әбуғали да шара барысында сөз алып аудан әкіміне алғыстарын білдірді.

Жанайдар Жұмағұлов,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале