20.12.2023, 10:45
Оқылды: 46

Ақшат мешіті қайта ашылды

Шыңғырлау ауданының Ақшат ауылында біраз уақыттан бері жөндеуде тұрған ауыл мешітінің ашылу рәсімі өтті.

мечеть (1)

Көптен қолданыста болып, сыры мен сыны кете бастаған мешітті жөндеуден өткізуді ұйғарған ауыл тұрғыны Жұмабай Айтуев демеушілік жасап, құрылысшылар бригадасын жалдаған.

мечеть (3)

Ал ауыл жастары бірігіп, күмбезінің жасақталуына демеушілік көрсеткен. Осылайша ауыл мешітті жөндеуден өткізілді. Қыркүйек айында басталған жұмыстың аяқталып, мешіттің қолданысқа берілу сәтіне аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев, облыс орталығындағы АР-Рахман мешітінің бас имамы және Орал қаласы бойынша өкіл имам Самат Әлібаев қатысты.

мечеть (4)

Аудан басшысы М.Өмірәлиев ізгі істі үлкен жауапкершілікпен тиянақтаған Жұмабай Есқабылұлын алғысхатпен марапаттап, кітаптар сыйлады. Облыстық дін басқармасы атынан да жөндеу жүргізген мердігерге және құрылысшы топқа алғысхаттар тапсырылды. Осыдан соң мешіттің лентасы қиылып, садақа берілді.

мечеть (2)

 

Қаршыға Елемесов,

 Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале