13.12.2021, 15:30
Оқылды: 95

Ақсуат ауылына ұялы байланыс желісі тартылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында Теректі ауданына қарасты Ақсуат ауылдық округіне «Beeline» байланыс жүйесінің қондырғысы орнатылды.

B43DF957-0134-47A1-A0E8-1CA05B0F470B

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында қолға алынған жобаны ауыл халқы асыға күткен болатын. Сайланған округ әкімі Жаннұр Ахметов та өзінің сайлауалды бағдарламасында осы жобаның іске асуына күш саламын деген еді.

DC41856C-BB9E-4B89-8D53-FBF5786504D0

- Биылғы сайлау науқаны кезінде округті аралап, тұрғындармен кездескендегі көптің тілегі байланыс жүйесін реттеу болатын. Мен бұл жұмысты тек ұйымдастырдым десем болады. Қалған істе халық «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» ауызбіршілік танытты. Шағын кәсіпкерлер мен тұрғындар да ақша жинады. Иә, ұялы байланыстың әлсіздігі карантин уақытында көптеген қиындықтар туғызды. Әсіресе онлайн сабақ өткізу өте қиын болды. Енді міне, облыс орталығынан 25 шақырымда орналасқан елдімекенге барлық инфрақұрылым тартылды. Көгілдір отын, ауыз су, жол мәселесі бұрыннан шешілген болатын. Бүгін ұялы байланыс жүйесі де халыққа пайдалануға берілді. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында тұрғындардың туған жерге тартуы осы болды, - деді Ақсуат ауылдық округінің әкімі Жаннұр Бекбауұлы.

F38CD2E1-3165-4FC7-AED2-670347CA6D9A

Ауылға байланыс жүйесін тартуды қолға алғаннан бастап ауыл азаматтары бір кісідей жұмыла жұмыстанды. Солардың бірі Әлібек Айтқалиев:

- Дамыған заманда байланыссыз отыру деген өте қиын. Карантиндік шектеулерге байланысты барлығы онлайн режимге ауысты. Сабақ, жұмыс секілді дүниелер ұялы телефонға байлады. Сол кезеңдерде қиындық туындады. Сапалы байланыс жүйесін қосу керек деп ауыл тұрғындарынан қол жинадым. Төрт жүзден астам адаммен кездесіп, қолдау таптым. Енді ауылға жаңа леп, жаңа жүйе келді. Қуаныштымын, - дейді Әлібек Кенжебекұлы.

B2A9679B-884E-412F-953C-10343C42590C

Осы қуанышқа орай ауыл тұрғындары жаппай жиналған салтанатты жиында ауыл әкімі Жаннұр Бекбауұлы ауылдың дамуында белсенділік танытқан бірқатар ауыл азаматтарын марапаттады. Олардың қатарында «Кәрім» дүкенінің иесі Р.Әлібекұлы, ауыл азаматтары Р.Ақмырзаев пен Ә. Айтқалиевтер бар.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале