12.08.2022, 20:54
Оқылды: 58

Ақсуатта мәселе жоқ

Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушевтің халық алдындағы есеп беру кездесулері жалғасуда. Аудан басшысы Ақсуат ауылдық округіне ат басын бұрып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Сонымен қатар, округ әкімі Жаннұр Бекбауұлының атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын тыңдады.

FB_IMG_1660305577890

Ақсуат ауылдық округі – облыс орталығына жақын орналасқан округтердің бірі. Биыл округ бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асуда.

FB_IMG_1660305567702

Күні кеше Ақсуатта балаларға арналған қос алаңқай ашылса, жергілікті тұрғындардың қолдауымен құрылысы аяқтала келген мешіттің де ашылуы алдағы күндердің еншісінде. Сонымен бірге, Әйтиев және Магистральный ауылына кіреберіс жолдары да күрделі жөндеуден өтпекші. Ақсуаттың өзінен су мен электр желісі кеп тұрған 310 жер телімі берілу жоспарда бар. Пойма мен Магистральный ауылына таза ауыз су тарту жұмыстары қарқын алған.

FB_IMG_1660305570602

Аталмыш жұмыстарды жүргізіп жатқан мердігер «Дәнекер» ЖШС және  «КазЕвроСтрой» ЖШС -нің өкілдерімен аудан әкімі кездесіп, жұмыстарды қысқа қалдырмай бітіруді басты назарға алуды тапсырды.

FB_IMG_1660305594341

Ақсуат ауылдық мәдениет үйіне жиналған жергілікті тұрғындар округ әкімінің жұмысына жоғары баға беріп, ауылда күрмеуі шешілмеген мәселелер жоқ екендігін айтты.

Әділет Орынбасаров,

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале