15.09.2020, 11:01
Оқылды: 132

Ақтау ауылында спорттық сайыс өтті

Өткен аптада Отбасы күніне орай салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында жас отбасылар арасында спорттық сайыс өткізілді.

Спорт сайыс

Аталмыш шараға Ақтау ауылдық округінің жастар жетекшісі және «Намыс» қоғамдық бірлестігі мұрындық болды.

Ауылдық округтегі аудандық жас отбасылар арасындағы спорттық байқау жоғары деңгейде өткізілді.

Байқауға төрт ауылдық округ командалары қатысып, төрешілердің шешімімен тасқалалық Исқалиевтер отбасы бәрінен үздік нәтиже көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды.

ІІ орынды Амангелді ауылының Бақтыгереевтер отбасы иеленсе, ІІІ орынды ақтаулық Қожекешевтер отбасы қанағат тұтты.

Мерей ауылынан келген Шәріповтер отбасы белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен және «Намыс» қоғамдық бірлестігінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

 

Аягөз Кударова,

Ақтау ауылдық округінің жастармен жөніндегі маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале