16.10.2023, 21:24
Оқылды: 132

Ақын қызын еске алды

Теректі ауданында соңғы жылдарда өлең-жыр додасы жиі өтіп жүргені көпке мәлім. Талай мықтылар туған киелі өлкеде бүгін де сондай бір жас ақындар мүшайрасы өтті.

IMG-20231016-WA0031

Жыр кеші Теректі ауданының 90 жылдығына және ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ұстаз, жерлесіміз Ақмаржан Таубаеваның 65 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын.

IMG-20231016-WA0055

IMG-20231016-WA0048

Ақындарға Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, журналист Ғайсағали Сейтақ, ақын, жұбантанушы Үзілдік Елубайқызы, «Бұлқыныс» кітабының авторы, ақынның бауыры Қайыржан Таубаев, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, ақын Әділет Орынбасаров әділ бағасын берді.

IMG-20231016-WA0052

Сондай-ақ шараға ақын қыздың сіңілісі Мәриям Таубаева, аудандық маслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Мирхат Ибраев құрметті қонақ ретінде қатысты. Мүшайраға келген қонақтарға қош келдіңіз айтқан аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

- Баршаңыз текті мекен Теректі еліне қош келдіңіздер. Биыл ауданымыз үшін мерекелі жыл. Аудынымыздың құрылғанына 90 жыл толуын тойлағалы отырмыз. Оған қоса заңғар жазушы Хамза Есенжановтың туғанына 115 жыл толуын тойласақ, енді міне ақын апамызға арналған жыр мүшайрасы өткелі отыр. Аңқаты ауылдық округіне қарасты кішкентай ғана Қандық ауылында туып, өңіріміздің руханиятына өшпес із салған ақын қызын елі ұмытпақ емес. Оның қалдырған мұралары мәңгілік,- деді өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Баубекұлы.

IMG-20231016-WA0050

«Тектілерге мекен болған Теректім» деген атаумен өткен додаға он ақын қатысты. Ақындар екі өлең оқыды. Алғашқысы аудан жайында жыр болса, келесісі Ақмаржан Бақытқызына арналды. Алғаш болып суырылып ортаға шығып, «Қандықта туып халқынның жұрағаты боп, Қастерлі ана тілімнің жанашыры боп»,деп жырын бастаған Ақжайық ауданынан келген Абылайхан Мақсұтовқа көпшілік сүйсінді. Одан әрі Ақтілек Әлібекұлы (Жәнібек ауданы), Аманжол Исламғали (Орал), Аңсар Жетпісқалиев (Сырым ауданы), Бекболат Қаленов (Ақжайық ауданы), Дәурен Шамұратов ( Теректі ауданы), Меңдібек Лұқпанов (Тасқала ауданы), Мейрамбек Сыдықов (Бөрлі ауданы), Нұрасыл Иса (Орал) және Мәрлен Ғилымхан (Жаңақала ауданы) өз туындыларын нақышына келтіре оқыды.

IMG-20231016-WA0051

IMG-20231016-WA0058

IMG-20231016-WA0034

Сайыс жайында әділқазылар алқасының мүшесі Ғайсағали Сейтақ:

IMG-20231016-WA0054

- Барша өнер көрсеткен ақындар өте таныс. Барлығы да мықты, бірақ сайыс болған соң арнайы жүлдесі бар. Баға беру оңай болған жоқ. Барша жас ақындарға рақмет, - деп ізгі ниетін білдірді.

IMG-20231016-WA0060

Сайып келгенде Бас жүлдеге теректілік ақын Дәурен Шамұратов (100 мың теңге) лайық деп танылды. Жүлделі I орын Жәнібек ауданының жас ақыны Ақтілек Әлібекұлының (70 мың теңге) еншісінде.

II орынды жаңақалалық Мәрлен Ғилымхан (50 мың теңге) иеленсе, III орын ақжайықтық Абылайхан Мақсұтовқа (35 мың теңге) бұйырды.

IMG-20231016-WA0046

Ақынның отбасының атынан Ақжайық ауданының ақыны Бекболат Қаленовке арнайы жүлде (35 мың теңге) табысталса, Үзілдік Елубайқызы өз атынан тасқалалық Меңдібек Лұқпановқа ақшалай сыйлық табыстады.

IMG-20231016-WA0045

Қалған қатысушыларға алғысхат пен 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.

IMG-20231016-WA0062

IMG-20231016-WA0063

IMG-20231016-WA0059

Балнұр Қанаева 

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz

           

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале