27.12.2019, 15:07
Оқылды: 194

Ақжайық аудандық кітапханасы үздіктерді марапаттады

Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі өзінің тындырымды қызметімен, тың бастамаларымен облыс, республикамызға танымал.

DSC_0194 (1)

 Жыл белесінде тек кітаптты насихаттау шараларымен шектелмей, ұлттық құндылықтарымыз бен рухани байлығымызды, ұрпақ тәрбиесі мен білімін шыңдау бағытындағы жұмыстарды үзбей өткізген ұжым бүгін жылды түйіндеді.

«Жетістікпен жұлдызды сәтке» деп аталған марафонында кітапхана қызметкерлері жыл бойы ұйымдастырылған шараларға өз үлестерін қосып, жарқырап көріне білген жандарды марапаттады. Алдымен, кітапхана саласының қызметкерлерін, жыл үздіктерін аудан әкімінің орынбасары Тілекқабыл Габдушев құттықтап, рухани орда өкілдеріне және оның оқырмандарына тың табыстар тіледі. Сондай-ақ, ол бір топ белсенді оқырмандарға, кітапхананың қоғамдық жұмыстарына елеулі үлес қосқан руханият жанашырларына, әдебиет туындыларын насихаттаған бірқатар жандарға аталымдар бойынша сый-сияпат табыстады. Айталық, жас оқырман Айша Берік «Тарыдай болып кіргенмін», қабыршақтылық Сарсенғазиевтер «Үздік оқырман отбасы», мамандандырылған күзет қызметі басқармасының взвод командирі Сайлау Бисалиев «Белсенді ұжым», Ақжайық аграрлық-техникалық колледж директорының орынбасары Марат Сарсенғаиев «Руханият тілекшісі», «Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеменің» инженері Мәлік Мұхтар «Білімді оқырман», ардагер ұстаз, журналист Тілес Жазықбай «Кітапхана кеңесшісі», Ақжол ауылдық округінің  әкімі Тәтжан Өтемісов «Үздік оқырман әкім», Чапаев №1 мектебінің мұғалімі Ирина Шамина «Бастамашыл ұстаз», «Жайық таңы» газетінің редакторы Әлия Шарапиева «Кітап шыңдарын бағындырушы», Абай атындағы мектеп-гимназия мұғалімі Әлия Макашева «Жан азығының жанашыры» аталымдарымен марапатталды. Ал Базаршолан ауылдық кітапханасының меңгерушісі Ғалия Даулетияроваға «Үздік қызметкер» төсбелгісі табысталды, Қарауылтөбе ауылдық кітапханасы үздік кітапхана деп танылып, алмалылық Дархан Қапатаева «Белсенді кітапханашы», орталықтандандырылған кітапханалар жүйесінің автоматтандыру бөлімінің жетекшісі Динара Хадесова «Заманауи кітапханашы» атанды. Жаңабұлақ ауылдық кітапхананың коворкинг орталығының кітапханашысы Жұлдыз Балхашева «Жыл үздігі» аталымымен марапатталып, оған 100 000 теңгенің арнайы сертификаты табысталды.

Әлия Серік

суретті түсірген Нұрбек Ихсан

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы 

болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале