15.04.2024, 17:46
Оқылды: 13

Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы болып Айбат Алматұлы Төлегенов тағайындалды.

айбат

Айбат Төлегенов ауданымыздың Жаңабұлақ ауылында 1993 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2013 жылы Орал қаласындағы Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының колледжін, 2018 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін, 2022 жыл  Ресей Федерациясы Басқару және өндіріс академиясын тәмамдаған.

Айбек Алматұлы еңбек жолын 2014 жылы «Жастар практикасы» жобасымен Ақжайық ауданының Әділет басқармасының маманы болып бастаған. Ол аудан әкімі аппаратының статисі, Жаңабұлақ ауылдық округінде жетекші маман, бас маман, аудан әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды. 2020 жылдан бүгінге дейін облыстық дін істері басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы-заңгері, облыс әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімнің (бірыңғай) бас инспекторы, облыс әкімінің аппараты бірыңғай заң қызметінің бас инспекторы, облыс әкімі аппараты терроризмге қарсы комиссия жұмысы бөлімінің бас маманы лауазымдарында болды.

Аппараттың жаңа басшысын аудан әкімі активке таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Ақжайық ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале