5.11.2018, 18:18
Оқылды: 17

Ақжайық ауданында 100 мың түп көшет егілуде

Ақжайық ауданы Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі бойынша күзде 100 мың түп жеде, шаған, қараағаш және үйеңкі көшеттерін егу жоспарланған еді. Айталық, Чапаев – Жалпақтал жолы бойына 25 га., Чапаев – Жаңақала жолы бойына 3.5 га. және Орал – Атырау күрежолы қапталына 10 га., Қаршы орманшылығының 11,5 га. алабына көшеттер отырғызу ойдағыдай аяқтала келді.

20151102092716

Күз басында Бударин тұқымбағынан іріктеп алынған өскіндерді экспериментальды егу көшеттердің келешек шығымдылығы тәуір боларын көрсеткен еді. Демек, күзгі егу алдағы уақытта көгалдандыру ісіндегі қарымды қадам болмақ.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале