25.12.2019, 12:31
Оқылды: 37

Ақжайық ауданында бас шыршаның шамы жағылды

Желтоқсанның 24 күні Чапаев ауылының «Жастар» стадионында Ақжайық ауданының бас шыршасының шамын жағу рәсімі өтті.

AQJAIYQ (1)

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Тілекқабыл Габдушев қатысып, жиналған ауыл тұрғындарын келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.

AQJAIYQ (2)

-Құрметті жерлестер, жаңа 2020 жыл берекелі болсын, әр отбасын игі жаңалықтарымен қуантсын! Келер жылдан мол жетістіктер күтіп, ескі жылды жақсы естеліктермен шығарып салатын дәстүрге сай, доңыз жылы жақсы оқиғалармен есте қалды деп ойлаймын. Жаңа жыл әр шаңыраққа сарқылмас шаттық пен толайым табыс әкелсін. Тышқан жылы елімізден ырыс-береке мен тыныштық кетпесін, - деді аудан әкімінің орынбасары.

Содан соң сахнаға бүлдіршіндер көтеріліп, жаңа жылдық ырғақпен әсем би билеп, мерекелік кеш көрігін қыздыра түсті. «Радуга» славян мәдени орталығының өнерпаздары әсем әнмен әрлеп, шырша алаңын ерекше көңіл күйге бөледі. Алаңға Аяз ата мен Ақшақар шығып, дүйім жұртты құттықтап, ғажайып күткен балаларға тәттілер таратты. Шыршаны айнала билеген түрлі ертегі кейіпкерлері мен қосыла қуанған халық бір-біріне тілек тілеп, шаттық көңілмен тарқасты.

Рауан Таңатжанұлы

суреттерді түсірген Нұрбек Ихсан

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале