10.01.2020, 12:51
Оқылды: 216

Ақжайық ауданында күрделі жөндеуден өткен мектеп пайдалануға берілді

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы талай елді мекеннің еңсесін көтеріп, ауыл халқының әлеуметтік ахуалына оң әсерін тигізуде. Мəселен, Ақжайық ауданында аталған бағдарлама аясында 2 әлеуметтік нысан, аудан орталығының 4 ауылішілік автожолы жөнделіп, Әбілхайыр хан көшесі жарықтандырылды.

qaztalov (1)

Аудан орталығындағы 900 орындық №1 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары мәреленіп, жаңғыртылған қалпында пайдалануға берілді. Айтулы оқиғамен ұстаздар қауымы мен оқушыларды аудан әкімінің міндетін атқарушы Тілекқабыл Ғабдушев құттықтап, ғимараттың күрделі жөнделуі жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына жасалған жағдай екендігін айтып, мектеп ұжымына білім беру саласындағы өрелі істердің мектепте орын алатынына сенімін білдірді.

qaztalov (4)

Сонымен қатар еңбек жолын осы мектепке арнап, бірнеше жыл қатарынан ұстаздар ұжымын басқарған еңбек ардагері Нина Гузикова, Ақжайық ауданының құрметті азаматы Дәулетжан Жақсыбаев та игі тілектерін білдіріп, көптен армандаған қуаныштарына ортақтасты. Ұстаздар тарапынан ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айымгүл Құбашева, шәкірттердің атынан 11 сынып оқушысы Виктория Сапарғалиева сөз сөйлеп, алаңсыз білім алуға жағдай жасаған басшылыққа, мердігер компания өкілдеріне, үлкен іске атсалысқан баршаға ақжарма алғыс білдірді.

qaztalov (3)

Айта кету керек, құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 232,3 млн. теңге бөлініп, осы қаражат шеңберінде мектептің шатыры жаңартылып, терезелері ауыстырылды. Толықтай жылыту жүйесі, электр желілері ауыстырылып, айналасына прожекторлар орнатылды. Құрылыс мердігері "Кварц-Спецсервис" шілде айында бастаған жұмыстарды 5 айдың ішінде уақтылы және сапалы аяқтады.

Aqjaiyq (3)

Аталмыш білім беру ошағында қазақ және орыс тілінде 701 оқушы білім алуда, мектеп жанындағы шағын орталықта 25 бала тәрбиеленуде.

Әлия Шарапиева

cуреттерді түсірген Нұрбек Ихсан

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Aqjaiyq (1) Aqjaiyq (4)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале