14.06.2021, 8:44
Оқылды: 94

Ақжайық ауданында үш мешіттің құрылысы басталды

 Ақжайық ауданының Ақсуат және Қарауылтөбе ауылдарында жаңа мешіттің құрылысы басталды. Игі істің қуанышын бөлісіп, қадасын қағу рәсіміне арнайы ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Сабыралиев, аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев, ауыл тұрғындары қатысты. 45D4E32C-31CD-4516-AFCD-787313AEEA6E

 Алдымен  қасиетті Құран Кәрім оқылып, облыстық орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы дұға жасады.

«Бүгін, міне, Ақжайық ауданда екі мешіттің құрылысы басталды. Мешіт - Алланың үйі. Ол ұрпақтарымыз үшін халықтың, иманжүзді азаматтардың қаражатына салынып жатыр. Ол ешқашан бос болмасын, балаларыңызға дініміздің рухани құндылықтарын дарытыңыздар. Олардың әрбірі игі істе көмектесіп, кем дегенде бір кірпішті құрылысшыға әкелсін. Мұның өзі мешітті салуға қосқан үлесі болмақ. Игі істі қолдаңыздар», - деді Бақытжан имам. 

1F99886F-834A-40D8-AB3B-42712FE2F719

Ауыл тұрғындарымен жүздесіп, бірлік пен ынтамақ жайында уағыз айтып, жиналған қауымның қойған сауалдарына жауап берді. Ауылдың үлкендері облысқа жаңа тағайындалған бас имам Бақытжан Құралбайұлының ісіне ризашылықтарын білдіріп, имандылық қызметіне сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.

5FEF620F-BD8D-4BD8-81C5-107FEA155749

   Осыған дейін Бударин ауылында да жаңа мешіт құрылысы басталған болатын. 

  Айта кетейік, ізгілікті іс жасап жатқан кәсіпкер азаматтардың бастамасына Алла жар болып, туған жерінің көркеюіне сүбелі үлес қосқалы отырған кәсіпкер азаматтардың игі ісіне береке тіледік.

                                            ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале