19.02.2020, 10:46
Оқылды: 101

Ақжайық ауданының әкімі студенттермен кездесті

Аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінің студенттерімен еркін форматта кездесу өткізді.

akjaiyk audany (2)

Кездесу барысында аудан әкімі жалақысыз жүріп, ел әлеуетін көтеруге атсалысқан аға буын өкілдерін мысалға келтіріп, егемендік жолында еңбек еткен азаматтар туралы ой тарқатты. Студенттер де өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.

akjaiyk audany (3)

Асылзада есімді студент колледжді тамамдап шыққаннан кейін ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша аудан көлемінде жұмыс табу мәселесін көтеріп, қатарластарының тағдырына алаңдаушылық білдірді. Аудан әкімі өз кезегінде биылғы жылдан бастап, «Жастар практикасы» бағдарламасымен ең бірінші колледж студенттерін қамту жоспарланып отырғандығын жеткізіп, түрлі салаларға сұраныс бойынша жастардың жұмыспен қамтылуын бақылауда ұстайтынын тілге тиек етті. Ал, «Статус» жайдарман командасының мүшесі Ерқанат та көптеген үлкен жарыстарға өз қаражатымен барып жүргендерін айтып, Қызылорда қаласында өтетін республикалық жарысқа қолдау білдіруін сұрады. Ақжайық өлкесінің намысын қорғап жүрген кез-келген жасқа аудан басшысы қолынан келгенше қолдау білдіретінін айтты.

akjaiyk audany (1)

Рауан САТЫБАЛДИЕВ

Суреттерді түсірген Азамат ҚАНАПИЯ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале