30.12.2021, 23:40
Оқылды: 74

Ақжайық ауылдық округінің әкімі ардагер Лев Дорофеевті мерекемен құттықтады

Теректіде жаңажылдық тосынсыйлар легі толастар емес. Бүгін Ақжайық ауылдық округінің әкімі Болат Қадырәлиев Ұлы Отан соғысының ардагері Лев Дорофеевке арнайы сәлем бере барды.

1E808ABC-C419-4562-9D16-905EDFAFEA81

Сұрапыл жылдарды басынан өткерген, 95 жасты еңсерген майдангердің жағдайын сұрап, келер жаңа жылмен құттықтаған ол мерекелік сый-сияпатын табыстап, ілтипатын білдірді.

Өз кезегінде жерлестерінің құрмет-қошеметіне шын ризашылығын жеткізген Лев Иванович елімізде лайым бейбітшілік пен татулық салтанат құра беруіне тілектестігін білдірді.

Мерекелік сый жорығын жалғастырған Болат Александрұлы денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларды да жаңажылдық сыйлықтармен қуантты. Әр баланың сыйлығын ерекше табыс еткен Аяз ата мен Ақшақар бүлдіршіндердің де, барған отбасының да жандарын жадыратты.

Ғазиза Рахметова,

Ақжайық ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале