9.04.2020, 16:22
Оқылды: 424

Ақжайық ауылының бас көшесінде жол жөнделмек

Теректі ауданына қарасты Ақжайық ауылдық округі құрамында бес елді мекен, 5 мыңға жуық халық өмір сүреді. Округ орталығында жасалынған игілікті істер де, күн тәртібінен түспей тұрған өзекті мәселелер де бар.

A88EAEDA-6307-4AAE-B7EB-1111C41B3FA2

Мысалы, халық әр жиында жолдың хәлін жиі көтереді. Орталықтың бас көшесінің жағдайы тіптен мәз емес. Аудандық мәслихат депутаты, Ақжайық ЖОББМ директоры Шолпан Какижанованың айтуынша, ағымдағы жылы Ақжайық ауылындағы Ақжайық көшесінің жолы күрделі жөндеу көреді екен.

- Ауылға кіреберіс саналатын көше Ақжайықтың сәні іспетті. Бұл көшеде округ әкімдігі, балабақша, аурухана орналасқан. Жаңадан бой көтерген үш қабатты тұрғын үй де осы көше бойында орналасқан. Сондықтан көше жолы жөндеу көріп, ауылымызға әр кіреді. Ақжайықтықтар  бұл жаңалықты естіп үлкен қуаныш үстінде отыр, - дейді халық қалаулысы.

 Әділет Орынбасаров

Теректі ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале