25.03.2021, 10:12
Оқылды: 88

Ақжайықта бұрымдылар шеруі өтті

Ақжайық ауданына қарасты Базартөбе орта мектебінде Ұлыстың ұлы күніне арналған «Бақ-берекем, құт-мерекем – Әз-Наурыз» апталығы аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі – «Қыздар сұлу көрінер бұрымымен...» атты бұрымды қыздар шеруі. Шеруге әр сыныптан қолаң шашы төгілген 16 қыз қатысты.

10 (1)

Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, ибалылық, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік сынды қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу мақсаттарын көздеген шарада мектеп фойесін шолпының сыңғыры кернеді. Шаштарын қос бұрым қып өрген қыздар сап түзеп, әрқайсысы өздерінің қазақ қызы деген атауға сай келетіндігін көрсетті.

Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, оның шашын күтіп өсіруді міндет санаған. Қыздардың арасында шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бүгінде қайта сәнге айналғаны көңіл жадыратады. Бет-жүзінде ұяңдығы бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін бұрымдылар шеруі көрген жанға тамаша әсер қалдырды.

Шара соңында бұрымды арулар алғыс хаттармен марапатталды.

Асыл Бақтығалиева,

мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Базартөбе ауылы

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале