19.06.2024, 12:01
Оқылды: 72

Ақжайықта саулық сақшыларына құрмет көрсетілді

Жылдағы дәстүрге сай Ақжайық ауданында кәсіби мерекеде медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Аудан орталығындағы мәдени-демалыс орталығында «Ақ халатты абзал жандар» атты дәрігерлерге, сондай-ақ денсаулық сапында жүрген өзге де қызметкерлерге арналып салтанатты шара өтті.

E7165CC9-0E4F-4124-9ABA-E365CF737029

– Халықпен біте қайнасқан қастерлі еңбек иесі медицина қызметкері болу – мәртебелі әрі жауапты қызмет. Сіздердің толассыз еңбегіңіздің өлшемінде өмір қуанышымен қайта қауышқан талай адамның тағдыры тұр. Қазіргі уақыттың басты талабы – медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру. Осыған байланысты аудан бойынша бірқатар ауқымды іс атқарылып келеді. Осы салада аянбай тер төгіп жүрген антына адал абзал жандардың – орны айрықша. Тұрғындардың саулығы үшін саламатты өмір салтын ұстануды кеңінен насихаттайтын сіздерге шексіз алғысымды айтамын, - деді аудан әкімі Мұрат Сердалин.

Сондай-ақ ол аудандық аурухананың күндізгі емдеу бөлімінің ІІ санатты дәрігері Жазира Сисенова, дәрігер, акушер-гинеколог Жания Батырбек, медициналық тіркеуші Менсұлу Темірғалиева, Құрайлысай дәрігерлік амбулаториясының жоғары санатты акушері Гүлбану Сартаева, қабылдау бөлімінің жоғары санатты фельдшері Дариға Жантасова, Тайпақ ауылдық ауруханасының онкология кабинетінің жоғары санатты мейірбикесі Гүлбаршын Қанатова, Шабдаржап медициналық пунктінің жоғары санатты фельдшері Нұрбақыт Сарсенғалиева, Ілбішін дәрігіерлік-амбулаториясының жоғары санатты-мейірбикесі Тамара Жұлқашева, Ақжайық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері Сәуле Баяділова, Алтынай Сатыбалдиева және Бақытжамал Бисенғазиваларды өзінің алғысхатымен, естелік сыйлықтармен марапаттады.

4A4391D2-44F5-47B0-B4E9-616E697D51E8

Аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары ән шырқап, әсем бимен шырайын келтірген  мерекелік шарада аудандық аурухананың басшысы Алмас Жүнісбеков әріптестерін құттықтап, сонымен қатар бір топ дәрігер мен кіші қызметкерге өзінің атынан алғысхат табыстады.

Мерекеде сондай-ақ «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Артур Ермұқанов Бітік медициналық пунктінің жоғары санатты фельдшері Гүлсім Базарғалиева мен ультрадыбыстық зерттеу кабинетінің мейірбикесі Сұлуханым Жарылғасоваға «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиевтің құттықтау хатын  табыстады.

Сонымен қатар шарада Германияда болған Кеңес әскерлерінің БҚО тобының төрағасы Берік Сисенов жоғары санатты бас мейірбике Әлия Жұмағалиева мен жоғары санатты хирургия бөлімінің аға мейірбикесі Гүлжайнат Коняева медицина саласында қажырлы еңбек еткені үшін «Медицина ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

Осы мерекенің қарсаңында аудан әкімі келген жас дәрігерлерді қабылдап, олардың алдында тұрған мақсат-межелерді айтып өтті.

Айжан Ақыл

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале