Оралда асық атудан және бес асықтан ерлер және әйелдер арасында ашық қалалық лига өтті.

Жарыстың мақсаты – ұлттық ойынды насихаттау және бұқаралық сипатын арттыру.
Тартысты өткен ойында 15 команда бақ сынады. Солардың қатарында Ақжайық ауданының спортшылары да мергендігімен көзге түсіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Атап айтқанда, асық атудан құрамында ұлттық ойынның қыр-сырын толық меңгерген Сырым Магилланов, Қуаныш Телағысов, Асылбек Уәлиев және Ақболат Бисекешовтар бар аудан командасы жалпы есеппен II орынды иеленді.
Әйелдер арасындағы жекелей сайыста Дина Бекмағамбетова I орынға қол жеткізді.
Асыл Қайрат
Ақжайық ауданы