1.12.2022, 14:45
Оқылды: 38

Ала тақта үстіндегі тартысты бәсеке

Бүгін Жаңақала аудандық спорт кешенінде Ұлы Отан соғысының ардагері, ауданның құрметті азаматы Мұрат Нұғманұлы Мирмановтың туғанына 100 жыл толуына орай еске алуға арналған шахматтан жарыс өтті.

IMG_4338

Сайысты ардагер М.Мирмановтың ұрпақтарының қолдауымен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Jastar» спорт клубы ұйымдастырды.

IMG_4376

Шахмат сайысының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, Мұрат Мирманов атамыздың ұлдары – Қайрат Мұратұлы, Фарид Мұратұлы, Ғиззат Мұратұлы, немере інісі Ғайнолла Мирманов және немерелері қатысты. Ардагер жерлесімізді еске алуға арналған шарада А.Нұрғалиқызы және Қ.Мұратұлы Мұрат Мирманов туралы естеліктермен бөлісіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыстың бас төрешісі Қайрат Шаутенов қатысушыларға ойынның ережелері мен шарттарын түсіндіре өтті.

IMG_4368

Ала тақта үстіндегі тартысты додада 18-39, 40-59 жас аралығындағы және 60 жастан жоғары барлығы 40-тан астам жүйрік ой иелері бақ сынады. Сайыстың нәтижесін "Жаңарған өңір" газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

Нұргүл Дүйсенбаева,

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале