9.01.2024, 17:46
Оқылды: 54

Алақай, ауданға дәрігер келді

Қыркүйек айында аудандық ауруханамызға қос бірдей дәрігер келді деп өздеріңізден алақайлап сүйінші сұраған едік. Араға бірнеше ай салып жергілікті ақ халаттылардың қатары тағы бір маманмен толығып жатыр.

InShot_20240109_193302054

 Алмаз Қалыбайұлы – Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Көптоғай ауылының тумасы. 2016  жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетіне оқуға түсіп, 2023 жылы «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Медицина саласындағы алғашқы еңбек жолын Алға аудандық ауруханасында бастады. Биылғы жылдың 8 қаңтарынан бастап аудандық аурухананың №3 учаскесінің жалпы тәжірибе дәрігері боп қызметке кірісті.

Арайлым Есмағұлова,
Бөкей ордасы ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале